Бүгінгі күні интернетте «несиені қайта қаржыландыру» деп терсеңіз, көптеген екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының ұсыныстары ұзын тізім болып шыға келеді. Бірақ қайта қаржыландыру деген не екенін білетіндер де, білмейтіндер де толып жатыр. Осыған қысқа ғана мінездеме бере кетсек - несиені қайта қаржыландыру, ол бірінші алған несиеңізге қарағанда тиімді шартпен берілетін несие түрі.
кредит жарнама
Несие ерекшеліктері
Несие мерзімі
Компания туралы
Компания туралы толығырақ Credy KZ
Несие ерекшеліктері
Несие мерзімі
Компания туралы
Компания туралы толығырақ ТОО «МФО «I-Credit.kz»
Несие ерекшеліктері
Несие мерзімі
Компания туралы
Біз толығымен өз клиенттерімізге бағытталғанбыз және Займермен ынтымақтастық әрекеті ыңғайлы болуы үшін қамқорлық жасаймыз. Адамдар алғашқы рет хабарласқанда-ақ біздің байланыс-орталығымыздың мамандары пайда болған проблемалардың 92% шешеді. Сіз… Компания туралы толығырақ ТОО «Займер»
Несие ерекшеліктері
Несие мерзімі
Компания туралы
Компания туралы толығырақ ТОО «Онлайн Финанс»
Несие ерекшеліктері
Несие мерзімі
Компания туралы
Компания туралы толығырақ MFO KMF, LLC
Несие ерекшеліктері
Несие мерзімі
Компания туралы
Компания туралы толығырақ АО "Евразийский банк"
Несие ерекшеліктері
Несие мерзімі
Компания туралы
Компания туралы толығырақ ATFBank JSC
Ойланып қарасақ, қазіргі заман нарығының өзеруі және девальвацияның болуына байланысты, осындай қаржылық жобалардың тиімділігі айқын болатын сияқты.
Несиені қайта қаржыландыру бойынша борышкер пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, несиелеу мерзімін азайтуға, бірнеше несиесін біріктіруге мүмкіндік алады. Яғни егер, бір азаматтың бірнеше түрлі банктерде, бірнеше түрлі несиелері болса, ол қайта қаржыландыру жобасына сәйкес оларды біріктіріп бір банкке аудара алады. Борышкер үшін ұтымды сияқты болып көрінеді. Алайда бұл жобаға әрбір азамат оңай кіре аладыма, тексеріп көрейікші.
Банктардың сайттарындағы мәліметтерге жүгінсек, алдымен борышкер банкке несиені қайта қаржыландыруға өтініш жолдауы қажет. Өтініш түскен сәттен азаматтың бұрын-соңды несиесі бар-жоғы тексеріледі. Осы жерде азаматтың төлем қабілеті бағаланады, кепілге жылжымайтын мүлік немесе басқа да мүліктердің құқығы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ, банк саласының мамандары несиені қайта қаржыландыру үшін міндетті түрде басқа банкке жүгінбей-ақ, өзіңіз несие алған банкпен де жасасуға болатынын атап өтеді. Коммерциялық банктер халыққа несие беріп, содан пайыздық табыс табуды көздейтінін айтпай ақ қойсақ болатын шығар. Несие қаншалықты көп берілсе, үстеме пайызы да мол болады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл жерде мынадай механизм қолданылады.
Коммерциялық банктер жаңа бағдарлама негізінде мемлекеттен қосымша қаржы алуы үшін несие алған тұлғалардың несиесін алдыңғы коммерциялық банктерде орнатылған тәртіппен мерзіміне сай пайыз бөлігін және негізігі қарызын қоса төлейді. Кейінгі несие мерзіміне төмен несие пайызын есептейді, бірақ негізгі қарыз мөлшері өзгермейді. Осындай, біз сияқты жай азаматтарға күрделі болып көрінетін қаржылық схема, нәтижесінде, тұлға несиені жеңіл төлеу мүмкінігіне ие болуына әкеледі.
Қаржы нарығының өзгеруіне байланысты күннен күнге түрлі, жоғарыда атап өтілген қаржы құралдары сияқты, несие беру жолдары да пайда болуда. Бүгінгі күні несиені онлайн рәсімдеу түрі танымал. Дүние жүзі қарыз алушылардың шамамен 60%-ы несие алуды интернет арқылы жасауын қалайды. Несие онлайн рәсімделуі үшін онлан өтініш жіберу жеткілікті. Үйіңізден шығу да қажет емес. Ойлап көрсеңіз, қаншама жеке уақытыңыз үнемделеді. Жеке куәлігіңіз болса болғаны, онлайн несие қалтаңызда деп санай берсеңіз болады. Бірақ мәселе сол несие беретін ұйымдардың пайыздық мөлшерінде болып отыр. Ranking.kz порталының дерегі бойынша қазір республикада әрбір үшінші адам банкке қарыз көрінеді. Екінші деңгейлі банктерден несие алу қиынға соққан соң, азаматтар микроқаржы ұйымдарына қарай лап қойған. Осындай микронесие беретін микро қаржыландыру мекемелері өз жұмысын республиканың бірнеше өңірлерінде атқаруда.
Статистикаға кішкене көз жүгіртсек, Қазақстанда 18 жастан асқан 12,8 млн адам несие алуға құқығы бар. Шамамен олардың 5,5 млн адамы банкке қарыз. Бұл – онлайн несие аудиториясы. Себебі, адамдар жалақыға дейін осындай қарыз ақша, микронесие алып үйренген.
Микронесиелер Алматы қаласын алып қарасақ, екінші деңгейлі банктермен қоса, микро қаржыландыру мекемелерімен беріліп, екіншілері банктерге бәсеке көрсетуде. Сарапшылар жасалған сараптамаларға сәйкес, микро қаржыландыру мекемелер нарығы кейбір нарықтық сегментте екінші деңгейлі банктерге тіпті жақсы бәсекелес болуда. Қазіргі таңда микро қаржыландыру ұйымдары Алматыдан басқа, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында қарқынды жұмыс жасап келеді.
Микронесие ұйымдарының халықпен жұмыс істеуінде еркіндігі басым екендігі туралы, "Қазақстандағы микронесие ұйымдары қауымдастығының" директоры Анатолий Глухов сөз еткен. Шынымен де, қарастырылу уақыты тез, кепілдік талап етпейді, демалыс күндерінде де істей береді.
Сондай-ақ Анатолий Глухов жыл сайын 240 мыңға жуық адам микронесие алып отырғанын айта келе, "Микро қаржыландыру ұйымдары туралы" заңды қабылдағанға дейін бұл көрсеткіш 40-50 мың адамнан аспағанын да мысал етті.
Микронесиелер мен «жалақыға дейін қарыздар» айналасында дерлік қарсы пікірлер пайда болуда. Біреулер мұндай ақша қиын өмірлік жағдайдағы халықтың осал топтарына үлкен көмек деп санайтын болса, басқалар, егер адам күнделікті қажеттіліктер үшін несие ала бастаса, онда болашақта оның қаржылық жағдайы одан әрі нашарлайды деген пікірде.