Соңғы кездері елімізде құпия деректерді білу мақсатымен клиентерге банк қызметкерлері ретінде хабарласатын алаяқтар көбейіп барады. Олар - СМС – кодтар, шоттар мен карталар туралы басқа да құпия ақпаратты алдап алып, ақшаны ұрлауға тырысатын алаяқтар.
Сондықтан сізге менеджерлер немесе банктің қауірсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде қоңырау соғып, құпия ақпаратты сұраса және бұл ретте сіздің атыңыздағынесиені немесе басқа банктік операция туралы айтса, абай болыңыз. Банктің нағыз қызметкері ДСН, CVV және СМС кодтарды сұрамайды.
Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін келесі қарапайым ережелерді есте ұстаңыз:
- Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жібермеңіз.
- Төлем картасының деректемелерін: 16 таңбалы нөмірін, иесінің атын, әрекет ету мерзімін, CVV/CVC-код-ты (картаның артқы жағындағы үш таңбалы нөмір) ғаламторда жібермеңіз және жарияламаңыз.
- Авторландыру және операцияларды растау үшін ешкімге, тіпті банк қызметкерлеріне SMS-кодтарды хабарламаңыз.
- Банк карталарын үшінші тұлғаларға, соның ішінде кафеде немесе мейрамханада шот төлеу үшін бермеңіз.
- Егер карта жоғалған болса, оны бірден бұғаттап, барлық операцияларды тоқтатыңыз. Ол үшін банктің жедел желі телефонына қоңырау шалыңыз. Шоттарды оқшаулау үшін жақын жердегі бөлімшеге бару керек.
- Банк қызметкерлері ешқашан клиентке карта және алынған хабарламалар туралы мәліметтерді ұсыну талабымен қоңырау шалмайды. Бұл мәселелер бойынша қызмет клиент бастамасы бойынша ғана өтуі тиіс.
- Егер сіз интернет арқылы қызметтерді төлесеңіз және тауарларды сатып алсаңыз, күдікті электрондық хаттарды ашпаңыз және белгісіз сілтемелер бойынша өтпеңіз.
- Телефоныңызға шоттағы барлық өзгерістер мен жасалған транзакциялар туралы ақпарат келуі үшін мобильді банк қызметін қосыңыз. Осылайша сіз күдікті транзакцияларды жылдам бақылай аласыз.
кредит жарнама