“Қазақстан Даму Банкі” ауционерлік қоғамымен ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген автомокөліктерді сатып алу үшін қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдікті несие беріледі.
Бұл несие - жылдық 4% (ЖТСМ – 4,1%-дан бастап) мөлшерлемесі бойынша жаңа көлік алу мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жеңілдікпен автонесиелеуге 8 млрд. теңге бөлу туралы мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға шешім қабылдады. Қазіргі уақытта аталған қаржы құралдары тұтынушылар үшін қолжетімді болып отыр.
Отандық автокөлік өндірісі өнімдерін сатып алу үшін жеке тұлғаларды несиелендіру шарттары:
- Клиенттердің санаты - жеке тұлға – отандық өндірістегі (жиналған) жеңіл автокөліктерді сатып алушылар;
- Сыйақының номиналды мөлшерлемесі - 4%;
- Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 4,1% бастап;
- Несиелеу мерзімі –7 жылға дейін;
- Қарыз валютасы – теңге;
- Қарыздың ең жоғарғы сомасы - 450 000 теңгеден бастап 13 500 000 теңгеге дейін;
- Автокөлік құны —15 000 000 теңгеден аспауы тиіс;
- Банк комиссиялары қарастырылмаған;
- Сатып алынатын көлік кепілзат ретінде кепілдікке қойылады;
- Қосымша талаптар - клиенттер сақтандыру мен автокөлікті кепілге рәсімдеу бойынша шығыстарды өздері төлейді. КАСКО сақтандыру бойынша пайда алушы Банк болып табылады.
- Мерзімінен бұрын өтеу - бір жылға дейін берілген қарыздар үшін алғашқы алты ай ішінде 1% мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбы;
- Бір жылдан астам уақытқа берілген қарыздар үшін алғашқы он екі ай ішінде тұрақсыздық айыбы қарастырылған.
Бағдарлама қолданылған кезден бастап және 2019жылдың 25 сәуіріне дейінгі жағдай бойынша «Қазақстан даму банкі» АҚ арқылы 61,01 млрд. теңге сомасына 14 171 өтінім келісілген. Оның ішінде алты екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 58,46 млрд. теңгеге 13 599 несие берген.
Несие рәсімдеу үшін екінші деңгейлі банктің кез келген бөлімшесіне хабарласу керек. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз.
Банктік немесе банктік емес несие: жағымды және жағымсыз жақтары.
Қазіргі таңда елімізде банктік несиемен қатар банктік емес несие түрлері кең таралған. Осы екі несие түрін салыстырып, әрқайсысының жағымды және жағымсыз жақтарын қарастырып көрейік.
Банктік несие — бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі.
Сонымен, банктік несиенің жағымды жақтары:
1. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады.
2. Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады.
3. Ұзақ мерзімді қарыз алу мен қомақты қаржыны талап ететін мәселелерді шешу мүмкіндігі.
Банктік несиенің жағымсыз жақтарын атап өтетін болсақ:
- Құнының жоғарылығы. Әдетте несиемен зат алу нақты ақшамен алғанға қарағанда қымбаттқа түседі.
- Шашпалық. Кейде несие карточкалары мен шығатын шығыс есепшоттарының ақшаны орынсыз шашуға әкеп соғатыны болады. Кейін қарыз көлемі ұлғайғанда ай сайын төленетін төлемдерді өтеу қиындай түседі.
- Несие алмас бұрын көптеген құжаттар мен кепілдікке зат қою.
Банктік емес несие еліміздің аумағында бір – екі жыл шамасында пайда болып, соңғы кездері үлкен сұранысқа ие болып отыр. Банктік емес несиені микроқаржылай ұйымдардың кеңселерінен рәсімдеуге болады.
Банктік емес несиенің жағымды жақтары:
- Қаржылай көмек алу үшін өтінімді ресімдеу процесі барынша жеңілдетілген және оған тек бірнеше минут уақыт кетеді.
- Клиенттен құжаттарды жинау, кепілгерлерді табу немесе кепілдкке зат қою талап етілмейді. Несие тек бір құжат арқылы ғана беріледі.
- Қарызды тек компанияның офисінде ғана емес, сондай-ақ қашықтықтан интернет желісі арқылы кез келген уақытта рәсімдеуге болады.
- Орта есеппен несие сомасы 50 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін, сонымен қатар еш кепілдіксіз оңтайлы шарттармен 500 000 теңгеге дейін қарыз алу мүмкіндігі қарастырылған.
- Сіз өзіңізге ыңғайлы 3 айдан 24 айға дейінгі мерзімді таңдай аласыз. Әдетте қарыз алушының жасы 21 жас пен 68 жас арасында болу керек.
Банктік емес несиенің жағымды жақтарымен қатар жағымсыз жақтары да бар:
- Жоғары сыйақы мөлшерлемесі.
- Несие сомасы шектелген, яғни қомақты қаржыны несиеге алуға болмайды.
- Кейбір ұйымдарда жасырын комиссия қарастырылған.
кредит жарнама