2018 жылдың 1-ші жартыжылдығы ішінде Қазақстанда несиелердің бірнеше түрлері ұсынылады. Бірақ шынымен де несие алу адам баласының қиыншылығын шешуге көмегін тигізер ме екен немесе одан да басқа қиыншылықтарға бой алдыратынын өз басым үшін түсініп алу ниетімен осы мақаланы жаза бастадым.
Айта кетейік, мемлекетімізде, халыққа қызмет көрсететін банктердің барлығы екінші деңгейлі банк деп аталады. Тек бір ғана бірінші деңгейлі банк бар ол – Қазақстан Ұлттық Банкі.
Екінші деңгейлі банктер, ұсынған:
1. Баспана несиесі;
2. Көлік несиесі;
3. Кепілсіз несие;
4. Шағын бизнес несиесі
Соңғы бір-екі жылдың ішінде кеңінен тарала бастаған тағы бір несиелеу түрі ол арнайы жеке меншік мекемелері ұсынған:
5. Онлайн несиелері
Толығырақ айта тоқталар болсақ, баспана несиесі екі ірі бөліктерден тұрады. Олар:
- Мемлекет тарапынан қолдау жасалған, жеңілдетілген баспана несиесі, мұнда несиесінің жылдық бағамы 10% (эффективті 10,5%) құрайды да 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Алғашқы жарнасы 10%-дан кем болмауы тиіс.
- Банк ұсынған баспана несиесі, соның ішінде банк комиссиялары бар несие - орташа бағамы 14,5% (тиімді 16,5%), банк комиссиялары жоқ несие - орташа бағамы 14,5% (тиімді 16,5%) құрайды да 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Алғашқы жарнасы 20%-дан кем болмауы тиіс.
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынған несиелер, бағасы 7,5% (тиімді 9%) құрайтын бірақ несие алу үшін кемінде 39 ай бойы тиісті ақша сомалары шотқа салынып тұруы тиіс. Алғашқы жарнасы 50%-дан кем болмауы тиіс.
Көлік несиесі бойынша:
- Мемлекет тарапынан қолдау жасалған, жеңілдетілген автокөлік несиесі, мұнда несиесінің жылдық бағамы 4% (тиімді 7,5%) құрайды да 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Алғашқы жарнасы 10% немесе 20% болуы тиіс.
- Банк ұсынған автокөлік несиесі, соның ішінде банк комиссиялары бар несие - орташа бағамы 17% (тиімді 22,2%), банк комиссиялары жоқ несие - орташа бағамы 26% (тиімді 29,2%) құрайды да 7жылға дейінгі мерзімге беріледі. Алғашқы жарнасы 10%-дан кем болмауы тиіс.
Кепілсіз несиесі бойынша:
- Банк ұсынған баспана несиесі, соның ішінде банк комиссиялары бар несие - орташа бағамы 2% (тиімді 27,42%), банк комиссиялары жоқ несие - орташа бағамы 27,% (тиімді 29,0%) құрайды да 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Алғашқы жарнасы 10%-дан кем болмауы тиіс.
Шағын бизнеске арналған несиелер бойынша ақпарат ресми сайттарда көрсетілмеген, тек қана жеке кездесу нәтижесінде шешіледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 718-ші бабы бойынша, берілетін несие шарты бойынша эффективті жылдық бағамы 56% дан аспауы тиіс.
Қазіргі таңда интернет жүйесі арқылы берілетін онлайн несиелері бұқара халық үшін өте қауіпті, себебі олар 10 000 теңгені қарызға 61 күннің ішінде 12 200 теңге болып қайтаруын сұрайды. Бұл дегеніз екі ай ішінде 22% немесе жылдық 131,6393%-ды құрайды.
Сондықтан, оқырмандарым, несие алудан мүмкінідіңіз келгенше аулақ болуыңызды қалар едім. Бірақ бұл өзімнің жеке бас пікірім.
кредит жарнама